Әлеуметтік мониторинг. Еңбек қауіпсіздігі – біздің ортақ ісіміз!
«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қоры Қазақстандағы өнеркәсіп кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі жөніндегі әлеуметтік мониторингке қатысуға шақырады.
«Қарметтегі» проблемалар, «Қазақмыс» пен «Майқайың алтындағы» оқиғалар отандық кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін күшейту керектігін көрсетіп отыр. Бұл саладағы еңбек адамының құқығын қорғау үшін қоғамдық әрі сараптамалық бақылауды арттыру керек. Жүргізілетін мониторинг, тәуекелдердің алдын-алып, кәсіпорындардағы жазатайым оқиғалардан сақтануға мүмкіндік береді.
Біздің мақсатымыз – өнеркәсіптік кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі саласындағы күрделі мәселелерді анықтау.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарының еңбеккерлері мен қызметкерлерін, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы сарапшылар мен жұмыскерлер құқығын қорғаушыларды әлеуметтік мониторингке қатысуға шақырамыз. Мониторинг қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленіп, кәсіпорын басшыларына, құзырлы мекемелер мен билік органдарына жіберіледі.
Өзіңіз жұмыс істейтін кәсіпорындағы еңбек пен техника қауіпсіздігінің сақталуын, басшылықтың бұл мәселеге қаншалықты назар аударатындығын, қоғамдық ұйымдар мен қадағалаушы органдардың өндірістік қауіпсіздік мәселесіне қатынасын (көзқарасын) бағалаңыз.
Егер қаласаңыз, кері байланыс үшін телефон нөміріңізді қалдыруға болады.
Сілтеме: https://share.kz/ga9J