Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Қара металл сынықтары мен мұнай өнімдерін шығаруға тыйым салу, инвестицияларға жәрдемдесу туралы келісім — сауда жөніндегі ВАК шешімдері

13-02-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында отандық кәсіпорындарды қолдау бойынша бірқатар шешімдер қаралды және қабылданды.

«Жайсан» (Ақтөбе облысы), «Ақсу» (Қостанай облысы) және «Ауыл» (Абай облысы Абай) теміржол өткізу пункттері арқылы қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға тыйым салынады. Шешім отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын жүктеу және көрші елдердің металл сынықтарын әкетуге шектеу шараларын қолдануы үшін шикізат тапшылығы бойынша қалыптасқан жағдай аясында қабылданды. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпаратына сай, 2023 жылы қара сынықтарды жинаудың жалпы көлемі шамамен 1,9 млн тоннаны құрады, ішкі нарықтың жалпы қажеттілігі 3,9 млн тонна. Осылайша, былтыр сынықтар мен қара металл қалдықтарын қайта өңдейтін кәсіпорындар жалпы қуаттылықтан орта есеппен 35%-ға жүктелді. 

Бұдан бөлек, бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға тыйым алты айға ұзартылды. Бұл шара елдің энергетика саласындағы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

Сондай-ақ ВАК-та инвестициялық шараларға ықпал ету ережелері туралы ДСҰ келісімінің жобасы қаралды. Құжат дамушы және аз дамыған елдердің мүдделерін ескере отырып, жаңа кәсіпорындар құруға қаражат салу кезінде инвестициялық және іскерлік ахуалды жақсартуға және инвесторлар үшін рәсімдерді жеңілдетуге ықпал етуге арналған. ДСҰ-ға мүше мемлекеттер 2024 жылдың ақпан айының соңына жоспарланған Абу-Дабидегі 13-ші министрлік конференциясы барысында келісімге қатысты келіссөздерді аяқтау туралы бірлескен декларация қабылдауды жоспарлап отыр.

ҚХР-дан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің аумағына әкелінетін құйылған алюминий доңғалақты дискілерге қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуын 2024 жылғы 26 желтоқсанға дейін ұзарту және қайта тергеу жүргізу туралы ұсыныстарға қолдау көрсетілді. Еске сала кетейік, 2024 жылғы 27 сәуірде ЕЭК алқасының 2019 жылғы 26 наурыздағы шешімімен белгіленген кедендік құнның 33,69% мөлшерінде осы тауарға демпингке қарсы 5 жылдық баж мерзімі аяқталады. 

Айта кету керек, осы уақыт ішінде Қазақстанда құйылған алюминий дискілердің өз өндірісінің көлемі айтарлықтай өсті: 2022 жылы 2018 жылмен салыстырғанда, өндірістің өсуі 128% болды, тиісінше 544-тен 1 242 тоннаға дейін ұлғайды. 2023 жылдың 10 айында құйылған алюминий дискілерінің өндірісі 1 255 тоннаны құрады.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар эвкалипт целлюлозасын, терефталь қышқылын және оның тұздарын, кептірілген кокос жаңғағын әкелуге арналған кедендік баж мөлшерлемелерін өзгерту бойынша ұсыныстарды қарастырды. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив