Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
443.37 474.49 4.83

Абай облысында креативті индустрия қарқынды дамып келеді

13-02-2024, 15:50 018.kz

Әлихан Бөкейхан университетінде жастардың креативті бастамаларын дамыту және қолдауға арналған Шығармашылық алаңдардың салтанатты ашылуы өтті.

Нұрлан Ұранхаев шығармашылық саланың дамуына үлес қосқысы келетін жастардың шығармашылық бастамаларын қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Ол үшін облыс әкімдігі жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

«IT Space» алаңында университеттің «Abai IT-Valley» инновациялық технокластерінің кәсіби қауымдастықтары мен жобалары бар. Оның ішінде: робот құрастыру, аддитивті технологиялар (3D принтинг), компьютерлік және мобильді ойындарды әзірлеу, цифрлық анимация, жасанды интеллект және т.б. бағыттар бойынша түрлі жобалар ұсынылады.

«АРТ кеңістік» алаңы - карикатуристі, талантты суретші Мухтар Сапаровтың картиналарының digital art стиліндегі қала мен өңір өмірінің көкейкесті мәселелерін кескіндеген туындыларына арналған.

«Media Lab» алаңы – медиа индустрияға қадам басқан фотографтар, видеографтар, мобилографтар мен SMM мамандарының шығармашылық бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсететін алаң. Бұл платформалар жастарға шығармашылықтың әртүрлі салаларында өз таланттарын көрсетуге, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық басқарма басшылары, университеттің шетелдік серіктестері, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.

Айта кетсек, шығармашылық алаңдар университеттің түрлі ғимараттарында орналасқан.

Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив