Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

С. Жақыпова жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын жетілдіру туралы айтты

13-02-2024, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині)  кеңейтілген Алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Министр ҚР Президентінің тапсырмасын іске асыру аясында осы жылы еңбек мобильділігі орталықтарын трансформациялау жалғасатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жұмысқа орналасу нәтижелері бойынша мансап орталықтары жұмыскерлерінің қызметтеріне ақы төлеу міндетін қойды. Жергілікті жерлерде қызметкерлер жұмысының тиімділігін арттыру, сондай-ақ «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесінде мотивациялық тетіктер жасау үшін мансап орталықтарының қызметкерлері үшін пилоттық режимде жұмысқа орналастыру бойынша нақты KPI анықталатын цифрлық жұмыс орны құрылады», -– деді Светлана Жақыпова.

Ол мансап орталықтарының жұмысында кейс-менеджмент қағидаттары қолданылатынын атап өтті. Орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін бірқатар цифрлық шешімдер қолданылатын болады.

«Жобаны іске асыру кезінде тұрақты жұмыс орындарын құруға, жастар үшін мемлекеттік гранттар мен микрокредиттерді іріктеу жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, мұқтаж азаматтарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге ерекше назар аудару қажет.

Жаңа форматты сынақтан өткізу 1 мамырдан бастап Түркістан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында басталады», – деп хабарлады министр.

Еңбекминінің басшысы «Мемлекеттік жоспарлау», «Мемлекеттік сатып алу» мен «Жұмыс орындарын құру мониторингі» ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы өңірлік жұмыспен қамту карталары шеңберінде жобаларды жинау бойынша жұмысты автоматтандыру жүргізілетінін айтып өтті.

«Біз ұсынылған тәсілдерді іске асыру жобаларды жүзеге асыру кезеңдерін неғұрлым сапалы жоспарлауға, өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың сапасын арттыруға, сондай-ақ көлеңкелі экономика деңгейін ЖІӨ-нің 15%-на дейін төмендетуге және еңбек пен жалпы алғанда экономиканың көлеңкелі нарығының деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді деп пайымдаймыз», – деп атап өтті Светлана Жақыпова.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив