Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Аида Балаева 8 тілде таралатын «Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылатынын хабарлады

15-02-2024, 13:31 018.kz

Қазақстанда «Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылып, барлық материалдар Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінде, сондай-ақ қазақ және түрік тілдерінде ұсынылатын болады.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

«Біз алғаш рет 8 тілде таралатын «Мәдениет» онлайн-порталын іске қосатын боламыз. Жаңа портал арқылы мәдени құндылықтарымызды қазақстандық қана емес, шет ел аудиториясына насихат етуді мақсат етіп отырмыз. Оның негізгі міндеті – әрбір қызығушы үйден шықпай, төл мәдениетіміздің барлық сай-саласын аралауға – музей, кітапхана, театр, ұлттық кино, көрмелер, рухани қорықтар, ұлттық музыканың алтын қоры мен заманауи әуездің жаңа үлгілерімен танысуға жағдай жасау. Бұндай жобалар әлемдік тәжірибеде өз тиімділігін баяғыда-ақ көрсеткен. Мәселен, күніне 50 мың адам кіретін «Лувр» музейі онлайн кеңістікте 10 миллион «виртуалды туристерді» қабылдайды», – деді министр.

Аталмыш порталда Қазақстанның тарихы мен мәдениеті араб, ағылшын, қытай, орыс, түрік, француз, испан, түрік және қазақ тілдерінде насихатталатын болады.

Қазақстан мәдениетінің түрлі салаларына арналған бөлімдерде таланттар, елдің даму мүмкіндіктері, театр қойылымдары, қазақстандық киноиндустрия, мұражайлар, кітапханалар, мұрағаттар, туристік орындар, қолөнер, сондай-ақ Қазақстанның сәулет өнеріндегі жетістіктері туралы ақпараттар ұсынылады.

Әлемдік қоғамдастық назарын Қазақстанның мәдени мұрасы мен сан қырына аудару үшін бұл сайтты ашу –  маңызды қадам.

Аталған жоба 2024 жылдың 1-наурызында жүзеге асады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив