Аида Балаева Ұлттық музей жанынан реставрация орталығы құрылатынын айтты
Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева музей қызметі саласындағы жұмыс жоспарларын бөлісті.
Оның айтуынша, елдегі 3 музейдің ғимаратымен қатар ішкі экспозициясын да заман талабына сай модернизациялау көзделген.
Сонымен қатар Аида Балаева 12 мұражай-қорықтың ұлттық маршрутын мәдени-рухани мазмұнмен күшейту мәселесі қолға алынатыны туралы мәлімдеді. Ол үшін арнайы тұжырымдама жасалатын болады
Музей-қорықтар мен тарихи-мәдени объектілердің аумағын абаттандыру, жол жүргізу, жөндеу, ескерткіштерге апаратын жол көрсеткіштерді, интернет жүйелерін, модульдік дәретханалар орнату және т.б. инфрақұрылымдарды дамыту немесе сапасын жақсарту бойынша жергілікті органдардың көмегімен белсенді жұмыстар жүргізілетін болады.