Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Тамара Дүйсенова спорт саласындағы кадр жетіспеушлігі туралы айтты

15-02-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Спорт және туризм министрлігінің алқа отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова саладағы кәсіби кадрлар жетіспеушілгіне мән берді.

«Спорттық дәрігер мен психологтар, диетолог, нутрициолог, спорттық заңгер секілді мамандар жоқтың қасы. Дене шынықтыру және спорт саласындағы кадр жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін қажеттілігі тұрғысынан сараптама жасап, қажет болған жағдайда оларды дайындауға мемлекеттік тапсырысты көбейту керек», — деді Тамара Дүйсенова.

Вице-премьер пікірінше, оқу орындары дайындаған кадр саны емес, білім беру мекемесін аяқтаған соң мамандығы бойынша қаншасы жұмыс істейтіні туралы мәліметтің маңызы артып келеді. Сондай-ақ білім ордасынан түлеп, спорттық мансабын жалғастыруға ниеттілерді ынталандыру мәселесі де маңызға ие. Ол кадрлық құрамның сапасын жақсарту үшін қажет. Себебі құзіреттілік, іс-тәжірибе мен меңгерілген білім қосылса, маман бапкерлік жұмысты бағалап қана қоймай, спортшыларды дайындаудың жеке әдістемесін әзірлеп, оларды жаттықтыру жоспарын сапалы құра алады.

«Аккредиттелген республикалық және аймақтық спорт федерациялары төрешілерді дайындауы тиіс. Сондай-ақ халықаралық аренада қазақстандық төрешілер корпусы өкілдіктерін көбейту арқылы спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялармен байланыс орнату жұмысын күшейту керек», – деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Биыл Парижде төртжылдықтың басты додасы Олимпиада және Паралимпиада ойындары өтеді. Вице-премьер соңғы жылдардағы нәтижелерге мән беріп, ұлттық құрама командаларының спортшыларына сапалы дайындалу үшін мемлекет тарапынан қажетті жағдай жасалғанын, сондықтан жанкүйерлер үздік нәтиже күтетінін тілге тиек етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив