2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы сараптамалық қорытындыны талап етеді
«Әділдік және Өркендеу» Қоғамдық қоры ұйымдастырған дөңгелек үстелде еліміздің қауіпсіздік техникасы жөніндегі басты құжат, яғни Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы - талқыланған тақырыптарының бірі болды. Оның негізгі тезистерін қатысушыларға ҚР ЕХӘҚМ жанындағы Еңбекті қорғау РҒЗИ бас директорының м.а. Әлімжан Бекмағамбетов баяндады. Институт осы құжатты әзірлеумен айналысты, спикер оның уақытылы қолға алынғаны мен заман талабына сай екенін атап өтті.
Алайда, бұл позицияны жиналған қауым бірауыздан қолдаған жоқ. Қатысушылар бұл құжат сараптамалық ортада кеңірек талқыланса, оның маңызы әлдеқайда артатынын меңзеді. Экономиканың нақты секторында жүрген мамандардың пікірі тұжырымдаманы күшейте алады. Ал, әзірге бұл құжат тек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұстанымын ғана айқындап отыр.
«Қорғау» Көмір өндірушілер кәсіподағының бас техникалық инспекторы Андрей Лукин: