Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
478.54 533.76 5.17

Қазақстан СІМ басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысын қабылдады

19-02-2024, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.

Тараптар Қазақстанның 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалығы шеңберінде жоспарланған елімізде өтетін іс-шаралар жөнінде пікір алмасты.

2024 жылдың маусым айында жоспарланған ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырысының бірқатар ұйымдастыру мәселелерін қарастыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында Ұйым аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, соның ішінде саяси өзара іс-қимылды дамыту, қауіп-қатерлерге қарсы тұру мәселелері талқыланды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық ету Қазақстан Республикасына ауысқаны белгілі.

Анықтама: ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған және құрамына Қазақстанмен қатар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретін халықаралық өңірлік ұйым.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив