Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
457.09 508.42 5.67

Айбота Ертайқызы мен Эрика Жайлауова Қазақстан қоржынына 4 алтын медаль салды

19-02-2024, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Мажарстан астанасы Будапеште өткен көркем гимнастикадан 28-ші Gracia Fair Cup халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Бүгін жекелей сында Айбота Ертайқызы доппен, лентамен және ұршықпен өнер көрсетуде дес бермей, 3 жаттығуда алтыннан алқа тақты. Ал Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды.

Кеше көпсайыста Айбота күміс (125,2 балл), Эрика қола жүлдегер (122,25 ұпай) атанған. Сондай-ақ мұнда Ұлттық құрама гимнасты Милана Парфилова 4-ші, Зере Бақытжанқызы 6-шы, Айым Мейіржанова 7-ші сатыға тұрақтады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив