Алматыда барлық мектептер мен балабақшаларда кешенді қауіпсіздік жүйесі енгізілді
Алматыда мемлекеттік орта және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында «Кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасы іске асырылуда. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүз пайыз жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды қала әкімдігі.
Кешенді қауіпсіздік жүйесі тәулік бойы күзетті қамтамасыз етеді әрі ғимараттың ішінде орналасқан. Қауіпсіздік жүйесі полиция департаментіне дабыл арқылы стационарлық жедел әрекет ететін дабыл түймесімен толықтырылған. Қандай да бір оқиға немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда жедел топ келеді.
Орнатылған видеокамералардан дабыл тікелей полиция департаментінің жедел орталығына түседі. Білім беру объектілерінің бүкіл аумағы тәулік бойы периметрі бойынша қаралады. Бейнебақылау камераларындағы материалдар 30 тәулікке сақталады. Сондай-ақ арнайы кабинеттерде және кітапханада күзет дабылы қарастырылған, бұл жүйе есептелген және өрт қауіпсіздігі жүйесімен байланысты, күзет дабылы іске қосылады (қатты шу, есіктер немесе терезелер ашылған кезде, қозғалыс кезінде немесе әйнек сынған кезде).
Қазіргі уақытта Алматы қаласында 459 мемлекеттік ұйымдарда және қаланың барлық ведомстволық бағынысты мемлекеттік білім беру ұйымдарында мамандандырылған күзет және бейнебақылау жүйесі бар.
Бүгін қалада 186 балабақшаға жабдықтар орнату жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 8638 бейнебақылау жүйесі орнатылды, оның ішінде 7062 – ішкі, 1576 – сыртқы. Сондай-ақ, барлық балабақшалар Алматы қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығына (ЖБО) сигнал беру мүмкіндігі бар өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Мемлекеттік меншік нысанындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын бақылау жүйелерімен (домофондармен), бейнебақылау камераларымен, дабыл түймелерімен және өртке қарсы қауіпсіздіктің кешенді жүйелерімен жарақтандыру жұмыстары орындалды.
2023 жылдың желтоқсан айының басынан бастап мектептерде барлық бейнебақылау камераларын, ЖБО қосылған дабыл түймелерін жаңарту жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 205 мектеп пен 10 интернат қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз етілген. Нәтижесінде 215 ұйымда 11 831 бейнебақылау камерасы, 215 дабыл түймесі, бетті тану мүмкіндігі бар 416 турникет орнатылды.
Қауіпсіздік жүйелерімен қаланың колледждері де жабдықталған. Мәселен, 20 колледжде 1503 бейнебақылау жүйесі орнатылған. Оның ішінде: 1064 – ішкі, 439 – сыртқы. Бұл ретте 126 камера Алматы қ. ПД ЖБО-ға қосылған. Сондай-ақ, дабыл түймелері мен турникеттер орнатылған және барлық 20 колледжге мамандандырылған күзет қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ, 17 мектептен тыс мекемеде 436 бейнебақылау жүйесі орнатылған. Оның ішінде 233 камера Алматы қ.ПД ЖБО-ға қосылған. Мектептен тыс 7 мекемеде 25 дабыл түймелері мен турникеттер орнатылды. Барлық 17 мектептен тыс мекемеге мамандандырылған күзет қызмет көрсетеді.
Биыл күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін мектептер мен балабақшаларды қауіпсіздік жүйелерімен қайта жарақтандыру жоспарлануда.