Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Биыл 450-ден астам су саласының маманы біліктілік арттыру курстарынан өтеді

21-02-2024, 14:37 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылы су саласының 450-ден астам қызметкері мамандандырылған орталықтардың жанындағы біліктілік арттыру курстарынан өтеді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Бүгінгі таңда министрлік су саласы мамандарының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеп жатыр. 

Сонымен қатар, ведомство жанынан су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрылды.

Кеңестің ережелері және кәсіптік стандарттарды өзектендіру жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді, оның негізінде су саласының мамандарын даярлау жөніндегі білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады.

«Өңірлердегі студенттер су шаруашылығы ұйымдарында өндірістік практикадан өтіп, одан әрі жұмысқа орналасуы үшін ЖОО-лармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, осы жылдан бастап кейбір су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға өсті. Мұндай іс-шаралар су саласындағы мамандықтардың беделін арттырып, студенттерді магистратура мен докторантурада оқуын жалғастыруға, ал саладағы мамандарды біліктілігін арттыруға, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша да білімін шыңдауға ынталандыруға тиіс», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив