Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Бикен Римова атындағы театрда «Қазақтың тойы бітпесін» премьералық қойылымы сахналанады

21-02-2024, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында драматург Жәнібек Әликеннің «Күйеу бала» туындысы негізінде «Қазақтың тойы бітпесін» драмасы көрерменге жол тартады.

Автор шығармасында қазіргі заманның өзекті мәселелерін көтереді: ұрпақ тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, тіпті экономикаға қатысты мәселелер де қамтылған.

Қойылымның негізгі тақырыбы — жастар арасындағы аралас неке мәселесі. Оқиғадағы басты кейіпкер — қоғамнан түсіністік пен шындықты іздеген қазақ қызы.

Қоюшы режиссер Данияр Базарқұловтың қойылымы 22 және 23 ақпанда көрермен назарына ұсынылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив