Қазақстан Сыртқы істер министрі Таиланд Сыртқы істер министрінің орынбасарын қабылдады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға жұмыс сапарымен келген Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Джаккапонг Сангманиді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар қазақ-тай ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады. Өңірлік және көпжақты ынтымақтастық аясындағы елдердің өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.
ҚР СІМ басшысы М. Нұртілеу Қазақстан Таиландпен екіжақты қарым-қатынастарға үлкен мән беретінін және Бангкокты Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті.
Өз кезегінде Д. Сангмани екіжақты қатынастардың даму динамикасына оң баға беріп, Қазақстан Таиландтың Орталық Азиядағы басты әріптесі екеніне сендірді. Сонымен қатар ол Таиланд Корольдігі Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Парнпри Пхиттхануконның Бангкокқа іс-сапармен келуге шақыруын тапсырды.
Сұхбаттастар сауда, туризм, ауыл шаруашылығы мен медицина салаларындағы қарым-қатынастарда елеулі дамуды атап өтті. Сонымен қатар тараптар екі ел азаматтары үшін визалық талаптарды жеңілдету бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.