Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

ЕАЭО-ға тағамдық қоспаларға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді

23-02-2024, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Ағымдағы жылдың 27 ақпанынан бастап «Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық көмекші құралдар қауіпсіздігінің талаптары» Кеден одағының техникалық регламентіне өзгерістер күшіне енеді (КО ТР 029/2012).

Естеріңізге сала кетейік, тиісті шешім 2023 жылғы 29 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырысында қабылданды (№84 шешім).

Бұл өзгерістер қазақстандық тараппен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп, қазақстандық ғылыми топты және Қазақ тағамтану академиясының мамандарын тарта отырып әзірленді.

Өзгерістер рұқсат етілген тағамдық қоспалар мен хош иістендіргіштер тізімінен 19 позицияны алып тастауды көздейді. Оның ішінде: тағамдық таниндер, дифенил консерванты, қышқылдықты реттегіш аммоний лактаты және басқалар. Бұл позициялар өзектілігін жоғалтуға, денсаулыққа зиян келтірмеуге немесе тағамдық қоспа болмауына байланысты жеке санатқа ауыстырылды.

Бұл ретте бұл тізбе 6 позициямен толықтырылды (негізгі, бейтарап, анионды метакрилат сополимері және басқалары).

Сондай-ақ, тұжырымдамалық аппарат жаңартылды, жеке тағамдық қоспалардың қолданылу аясы, таңбалауға қойылатын талаптар түзетілді.

Егер бұрын қаптамада өнімнің құрамында тек "Е" коды мен сандық индексі көрсетілсе, енді қоспаның мақсатын (тұрақтандырғыш, қоюландырғыш немесе бояғыш) көрсету қажет болады.

Енгізілген өзгерістер техникалық регламентте белгіленген тағамдық қоспаларға қойылатын талаптардың және Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың біркелкілігіне келтіруге бағытталған.

Бұл тұтынушылардың тамақ өнімдерінің құрамы туралы, атап айтқанда, мұндай өнімнің қауіпсіздігіне әсер ететін тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер, технологиялық көмекші құралдар туралы хабардар болуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында бизнестің жаңа талаптарға бірқалыпты көшуін қамтамасыз ету үшін ЕЭК Алқасы өтпелі кезеңді белгілегенін атап өткен жөн.

Жаңа талаптар күшіне енгенге дейін берілген сәйкестікті бағалау туралы құжаттар 2027 жылғы 27 ақпанға дейін (36 ай) жарамды. Көрсетілген күнге дейін осындай құжаттар болған кезде өнімді өндіруге және айналымға шығаруға, сондай-ақ оны бұрын белгіленген талаптарға сәйкес таңбалауға жол беріледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив