Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

ҰЭМ мен Еуропалық қайта құру және даму банкі ШОБ-ты қолдау мәселелерін талқылады

23-02-2024, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың төрағалығымен ҚР ҰЭМ мен Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) арасындағы Ынтымақтастық бағдарламаларын Үйлестіру комитетінің XI жыл сайынғы отырысы өтті.

Тимур Жақсылықов өз сөзінде ЕҚДБ жүзеге асыратын және Ұлттық экономика министрлігі бірлесіп қаржыландыратын іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасы мен «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

«Бағдарламалар қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарын қамтиды. Олар бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған әрі кәсіпорындардың қарқынды дамуының катализаторы болып табылады. Бұнымен қоса, бизнестің кең ауқымды өзекті қызметтерін көрсету үшін білікті және құзыретті кеңесшілердің қуатты резерві құрылды», - деді Бірінші вице-министр.

2013 жылдан бастап (ЕҚДБ деректері бойынша)

2000 кәсіпорын консультациялық жобалар түрінде жеке қолдау алды

Жобалардың 70%-ы өңірлерде, оның ішінде 15%-ы ауылдық кәсіпорындармен іске асырылды

Консалтинг нәтижесінде шағын және орта компаниялар 10 мың жаңа жұмыс орнын ашты

Өз кезегінде ЕҚДБ-ның Орталық Азия мен Моңғолиядағы консультациялық қызметтер бағдарламасының басшысы Симоне Зе Атанасовски Қазақстанда Банк алғаш рет әйел кәсіпкерлерге арналған менторинг бағдарламасын іске қосқанын айтты. Сондай-ақ еліміз Star Venture инновациялық стартаптарын қолдаудың арнайы бағдарламасы жұмыс істей бастағандардың бірі екенін атап өтті. Бұнымен қоса, алдағы уақытта ЕҚДБ-ның «Бизнестегі Жастар» бағдарламасы жұмыс істей бастайды.

ЕҚДБ директорының Қазақстан бойынша орынбасары Асқар Намазбаевтың айтуынша, тек Қазақстанда Банк 2023 жылы 21 жобаға 330 млн еуродан астам инвестиция салып, жұмылдырған. Бұл соманың 90%-дан астамы жеке сектор клиенттеріне тиесілі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив