Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Антикор білім беру жүйесінде жымқырудың алдын алу үшін қандай жұмыстар жүргізуде?

27-02-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі рөлі жемқорлықтың алдын алуға арналған. Ол институттар арқылы жемқорлық тәуекелдерін талдау, жемқорлыққа қарсы мониторинг пен мәдениетті қалыптастыру ретінде іске асырылады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыстың негізгі бағыты Жемқорлық тәуекелдерінің картасы болып табылады, бұл процестердің ашықтығына, әкімшілік кедергілердің болуына, заңнаманың жетілмегендігіне және ықтимал жемқорлық тәуекелдеріне байланысты шешім таппайтын өзекті мәселелердің тізбесін білдіреді.

Агенттік уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететін салалардағы жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі шаралар кешенін тұрақты негізде жүргізеді.

2023 жылы білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдау көрсеткендей, бюджет қаражатын жымқырудың көптеген фактілері бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процестерін автоматтандырудың, бұзушылықтардың алдын алу тетіктерінің және бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйелері мен мемлекеттік дерекқорлардың интеграциялық байланыстарының болмауына байланысты мүмкін болды («Ұлттық білім беру дерекқоры», «Қазынашылық-клиент», «Жеке тұлғалар», «Enbek.kz» және т. б.).

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдар бекітілген Жол картасы шеңберінде жоғарыда көрсетілген жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша жұмыс жүргізуде.

Агенттіктің бастамасымен 2023 жылдың 4-тоқсанында Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарында қолданыстағы бухгалтерлік жүйелер базасында цифрлық шешімдерді енгізу бойынша пилоттық жоба іске асырылды.

Бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру процесін толық автоматтандыру, контингентті есепке алу және қызметкерлердің келуін бақылау, аванстарды негізсіз төлеуді бұғаттау тетіктері (еңбек заңнамасына сәйкес) және қазынашылық деректерін бухгалтерлік жүйелермен салыстыру мүмкіндігі сәтті өтті.

Сондай-ақ, ұйым басшысының бет биометриясы бойынша төлем құжаттарына қол қою, сондай-ақ оларды шифрлау мәселесі пысықталды.

Қазіргі уақытта осы цифрлық шешімдерді масштабтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив