Cемей-3°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Сенатта ЕАЭО елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығын күшейту туралы заң талқыланды

27-02-2024, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады.

Хаттама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау жүйесінің медициналық бұйымдарға сұранысын қамтамасыз етуге және олардың ықтимал тапшылығын болдырмауға бағытталған.

Заңда ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес медициналық бұйымды сараптауға немесе тіркеуге өтініш беру мерзімдерін 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту көзделіп отыр.

Сенаторлардың айтуынша, заңның қабылдануы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және ЕАЭО-ға мүше елдер арасындағы медициналық бұйымдардың ортақ нарығының тиімділігін арттыруға ықпал ететін болады.

Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысында қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Суретті түсірген: А. Байжұманов

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив