Қазақстанның Қарулы күштеріне жаңа дайындық курсы енгізілді
Сабақтар Т-72 және БМП-2 танкі штаттық техникасының түнгі көру құрылғыларын жөндеу бойынша рота техниктерінің мамандарын даярлауды көздейді.
Курстың бағдарламасы бронды техникаға электр құрылғыларын орнату шеңберіндегі базалық жалпы инженерлік дайындықты нақтылайды.
Курс осы жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында әскери радиотехника және электроника негіздері кафедрасы бастығының орынбасары подполковник Нұржан Зікіряевтің басшылығымен өткізіліп жатыр. Биыл ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің 42 әскери қызметшісі бастапқы курстан өтеді.
Құрылыстың негіздері мен принциптерін, жұмыс ерекшеліктерін, түнгі көру құрылғыларының типтік схемаларының сипаттамалары мен өлшемдерін үйрену, сонымен қатар ақауларды анықтау және жоюды есептеу дағдылары мен практикалық жұмыстарды қалыптастыру курстың негізгі мақсаты болып табылады.
– Басты міндетіміз – инженерлік-техникалық қызмет мамандарын оқыту және жоғары сапалы кәсіби даярлыққа қол жеткізу. Тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға да ерекше назар аударылады, – деп атап өтті подполковник Н. Зікіряев.
Алғашқы үш топтағы 29 әскери оқуын аяқтап үлгерді. Наурыз айының соңына дейін тағы бірнеше топ оқытылады.
Подполковник Нұржан Зікіряев қару-жарақ пен әскери техникадағы түнде көруді жақсартатын оптикалық-электрондық жүйенің прототипін әзірлеуге қатысқанын атап өткен жөн. Жүйе жауынгерлік машинаның экипажына табиғи жарықты пайдаланбай, қараңғыда бақылауға және қозғалуға мүмкіндік береді. Прототипті брондалған дөңгелекті мен шынжыр табанды техникада да қолдануға болады. Инновациялық жүйе мемлекеттік полигонда сынақтан өтті және Қазақстан Қарулы күштерінің басқа да әзірлемелері арасында үздік деп танылды.