Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Дүниежүзілік банк өкілдері еліміздің әлеуметтік саласындағы қызметтерді цифрландыру деңгейін жоғары бағалады

28-02-2024, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті.

Жүздесуге халықаралық ұйымның Қазақстандағы тұрақты өкілі Андрей Михневтен өзге әлеуметтік қорғау, адами капиталды дамыту жөніндегі мамандары да қатысты.

Тамара Дүйсенова Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік банк арасындағы әріптестік қатынасқа оң баға беріп, халықты әлеуметтік қорғау саласында атқарылып жатқан шаралар туралы айтты. Вице-премьер әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту ісінде әдістемелік, техникалық тұрғыда бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Дүниежүзілік банктің Еуропа мен Орталық Азиядағы әлеуметтік қорғау тәжірибесінің жетекшісі Паоло Белли еліміздегі әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен берудегі цифрландыру үрдісін ерекше атап өтті. Оның пікірінше, бұл тәжірибені өзге елдерде пайдалануға болады.

Халықаралық ұйым өкілдері алдағы уақытта әлеуметтік қорғау жүйесі мен бағдарламаларды, зейнетақы саясатын дамытуға, әріптестік қарым-қатынас деңгейін жоғарылатуға мүдделі екендерін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив