Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Мәдениет және ақпарат министрлігі Алғыс күніне орай «Арайлы Атамекенім» челленджін бастады

29-02-2024, 11:43 Мадина Айдарова

Бүгін Алғыс айту күніне арналған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен «Арайлы Атамекенім» республикалық челленджі басталды.

Бастама қазақстандықтар арасында бейбітшілік пен келісімнің арқасында қол жеткізген ел бірлігі мен патриотизмді нығайтуға, рухани дамуға, адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатып, басқалар үшін де жауапты болуға  тәрбиелейді.

«Арайлы атамекенім» челленджіне кез келген адам қатыса алады. Ол үшін Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін қолданып, пікіріңізді жазып, #АрайлыАтамекенім, #ArailyAtamekenim хэштегін белгілеп, әлеуметтік желі парақшасына жариялау қажет. Одан әрі эстафетаны достарыңыз бен оқырмандарыңызға жолдауға болады.

Челлендж республика бойынша 3-наурызға дейін жалғасады.

Айта кету керек, челленджді бастап кеткендер де бар. Олар қоғамдағы бірлік пен келісім, туған жерге деген сүйіспеншіліктері мен мәдени ерекшеліктерін, дәстүрлері мен құндылықтары туралы пікірін жазып, алғыстарын білдіруде.

Барлығыңызды Республикалық челленджге қатысуға және өз оқиғаларыңызды бөлісуге шақырамыз.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив