Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
511.22 540.05 4.73

Жұмыс берушілер «Жеке іс» сервисі арқылы шамамен 46 мың рет қызметкерлер туралы ақпаратпен танысты

29-02-2024, 13:31 Мадина Айдарова

2023 жылы «Жұмыскердің жеке ісі» сервисінің көмегімен жұмыс берушілер жұмысқа үміткерлер мен жұмыскерлерден 45,8 мыңнан астам электрондық құжаттар пакетін алды. Бұл ретте жалпы 50 мың сұрау салынды.

Бұл сервис 2022 жылы жұмыс берушіге қызметкердің келісімімен жұмысқа орналасу үшін қажетті дербес деректерге қол жеткізуге мүмкіндік беру арқылы әңгімелесу және жұмысқа орналасу процестерін жеңілдету мақсатында іске қосылды.

Мәселен, «Жеке іс» сервисінің көмегімен әрбір жұмыскер үшін деректер базасы қалыптастырылады – фотосурет, жеке куәлік, төлқұжат деректері, тұрақты тіркелген мекенжайы, білімі, еңбек қызметі бойынша мәліметтер, 075/у анықтамасы, психо/нарко/туб диспансерде есепке алу және т. б.

2023 жылы жұмыс беруші сұрай алатын жаңа анықтамалар қосылды: «Қандас» мәртебесі, азаматтың сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны және әскери қызметті өткергені туралы деректер.

Қызметкер мобильді азаматтар базасында немесе HR.Enbek порталындағы (бұдан әрі – Портал)  жеке кабинетте тіркелген нөмірге жіберілген SMS-хабарламаға жауап беру арқылы жұмыс берушіге аталған жеке мәліметтерге қол жеткізуге келісімін растайды.

«Жеке іс» сервисінің мүмкіндіктерінен басқа, Порталда жұмыс берушілерге еңбек шарттары бойынша мәліметтерге тіркеу, қарау, түзетулер мен толықтырулар енгізу, әлеуметтік демалыстарды, аударымдарды тіркеу және кәсіпорынды қайта ұйымдастыру функциялары қолжетімді, еңбек заңнамасын бұзушылықтардың бар-жоғына анонимді не рұқсат етілген тест тапсыруға мүмкіндік бар.

Өз кезегінде қызметкерлер үшін Порталда жеке кабинет іске асырылды, онда олар өз шарттарын көре алады, жұмыс орнынан анықтаманы жүктей алады, сондай-ақ дербес деректерді өңдеуге келісімге қол қоя алады.

Сондай-ақ, Портал көмегімен еңбек қызметін түзету сервисі іске асырылды. Мәселен, E-gov порталындағы жеке кабинетте азамат тіркелген еңбек шартының дұрыстығын тексере алады және өзекті емес мәліметтер анықталған жағдайда оларды өзгерту үшін HR.Enbek порталына қайта бағытталады, онда ол еңбек шартын бұзу бойынша өзгерістер немесе ақпарат енгізу туралы сұрау жібере алады.

Сұрау салуды қалыптастыру үшін еңбек шартына өзгерістер енгізу не оны бұзу күнін, себептерін көрсету, растайтын құжатты қоса беру және ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет. Еңбек шартын алып тастаған кезде растайтын құжатты қоса берудің қажеті жоқ. Жоғарыда көрсетілген рәсімдерден кейін уәкілетті орган сұрау салуды қарайды және үш жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив