Нұртөре Жүсіп: Жоғары оқу орны түлектерінің 50%-ға дейіні мамандығы бойынша жұмыс таппайды
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Кәсіби біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес отырысына қатысты.
Нұртөре Жүсіп шара барысында ағымдағы білім беру жүйесін өзгертудің маңыздылығын талқылай келіп, еңбек нарығының сұраныстарына сәйкес келу қажеттігін атап өтті.
Сенатор сонымен қатар өңірдегі еңбек нарығы мен білім беру жүйесінің жұмысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз ету үшін нарықтың барлық субъектілеріне белгілі бір өңірдің экономикасын дамыту келешегі туралы нақты ақпарат қажет екенін атап өтті.
Отырысқа қатысушылар бас қосу қорытындысы бойынша еңбек қатынастарын реттеудің бірыңғай тетіктерін енгізу, сондай-ақ оқу орындары үшін тиісті гранттарды ұлғайту мәселелері бойынша пікір алмасты.