Бұралқы иттер мен мысықтарды аулау бақылауда
Абай облысының қала және аудандарында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ветеринария басқармасына қарасты коммуналдық кәсіпорындар жүргізеді.
Семей қаласында «4 лапы+» қоғамдық қорының базасында қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған жеке орын бар, онда 200-ге жуық ит пен 50 мысық уақытша ұсталады.
Бұдан бөлек, облыс орталығында иесіз қалған 2000 бас үй жануарларына арналған нысан салу жоспарланған. Бүгінде жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы»Заңның нормаларын іске асыру мақсатында Абай облысының ветеринария басқармасы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы келесі іс-шараларды өткізуге конкурстар жариялады:
- Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау. Қызмет көрсетудің әлеуетті өнім берушісі анықталды, онымен шарт жасалып жатыр;
- Қараусыз және қаңғыбас жануарларды анықтау. 490 бас қаңғыбас иттер мен мысықтарды анықтау үшін чиптер сатып алынды;
- Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру. Қызмет көрсетудің әлеуетті өнім берушісі анықталды, онымен шарт жасадып жатыр;
- «Әлеуметтік осал топқа» жататын азаматтардың үй жануарларын анықтап, оларды сәйкестендіру үшін 1 870 чип сатып алынды.
Тағыда оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыАбай облысындағы қаңғыбас иттерге қатысты Ветеринария басқарма түсініктеме бердіҚазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі