Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Елімізде республикалық «Қайырымдылық керуені» акциясы басталды

1-03-2024, 20:03 Мадина Айдарова

Бүгін Астана қаласындағы Достық үйінде Алғыс айту күніне орай телекөпір өтті. Ұйымдастырушылар барша қазақстандықтарға азаматтық және қызметтегі ерлігі үшін, этносаралық келісімді нығайту мен ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Жалпы телекөпірге 1000-нан астам адам қатысты.

«Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қайырымдылық акциясының ұйымдастырушылары жыл бойы көп балалы, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп, қарттар үйі мен балалар үйлерінде іс-шаралар ұйымдастырады.

Бүгін аталған акция аясында Астана қаласындағы көп балалы екі отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды. Бұл шапағаты мол іс-шара жыл соңына дейін жалғасады.

Сонымен қатар «Қазақ еліне мың алғыс» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді.

Салтанатты іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив