Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Сенаторлар отандық ғылымды дамыту мәселесін Astana IT University басшылығымен бірге талқылады

2-03-2024, 09:45 Мадина Айдарова

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Astana IT University басшылығымен және профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Олар сондай-ақ жоғары оқу орнының ғылыми-техникалық жетістіктерімен танысты және заманауи ғылыми зертханаларда болды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан және бүкіл әлем қоғамдастығы ғылымының дамуына қосқан Қаныш Сәтбаевтың үлесін талқылады. Сонымен қатар ғалымның еңбектері мен сөйлеген сөздерінде қалыптасқан идеялар мен ұстанымдары және олардың қазіргі ғылым, білім және мәдениет саласындағы мән-маңызы қаралды.

Университет ректорының міндетін атқарушы Серік Өмірбаев ұлы қазақ халқының ғылыми мұрасының маңызына назар аударған академик Сәтбаевтың ғылымды ірі ұйымдастырушысы ретіндегі тарихи рөлі туралы сенаторларға айтып берді.

Сонымен қатар жоғары оқу орнының жалпы қаржыландыру көлемі 3 млрд теңгеден астам 53 ғылыми жобаны іске асырып жатқаны, Scopus-та 250-ге жуық мақала жарияланғаны, 24 авторлық куәлік алынып, 3 ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің  нәтижесі тіркелгені туралы айтылды.

Кездесу барысында ғалымдар, докторанттар мен магистранттар да баяндама жасады. Кездесу Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында «Отандық ғылымды дамыту және ғылыми-техникалық прогресс» тақырыбындағы дөңгелек үстелге дайындық аясында өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив