ҚазҚСҒЗИ энергия тиімділігі саласында неміс компаниясымен ынтымақтастықты нығайтады
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ алаңында энергия тиімділігі, жаңартылатын энергия көздері және зияткерлік энергетикалық жүйелер саласындағы мәселелерді талқылады.
«Dena» неміс компаниясының өкілдері алдымен өз қызметі, құрылыста энергия тиімділігі жүйелерін пайдалану туралы тарқатып айтып берді. Өйткені, бұл жаңа трендте ғана емес, сонымен қатар табиғи ресурстарды сақтауға, энергия шығындарын азайтуға және өмір сүру сапасын жақсартуға оң ықпал етеді. Сондықтан ғимараттарды жобалау және салу барысындақұрылыстағы энергия тиімділігін арттыруды ескеру қажет, өйткені ол ғимараттардағы энергия шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, тараптар құрылыс компаниялары әрқашан өз ғимараттарының энергия тиімділігін жақсартуға және экологиялық таза технологияны қолдануға ұмтылуы керек деген пікірге келді.
Кездесу қорытындысы бойынша екі жақынтымақтастық және тәжірибе алмасу туралы өзара ұсыныстарды зерделеуге келісті. Бүгінгі кездесу еліміздегі энергия тиімділігі жөніндегі нақты іс-шараларды іске асыруға өз үлесін қосады деген үміттеміз.
Анықтама: «Dena» энергия тиімділігі және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы неміс федералды сараптама орталығы болып табылады. Қызметтің негізгі бағыты – энергияны пайдалануды оңтайландыру және жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау тұрғысынан энергия жүйелерін перспективалық дамыту.