Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
513 541.16 4.69

Автожанармай құю станциясындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

2-03-2024, 14:22 Мадина Айдарова

Мемлекеттік қадағалау мен бақылаудың мақсаты облыстың қауіпті өндірістік объектілерінде, соның ішінде автожанармай құю стансаларында өнеркәсіптік қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету, техногендік апаттардың алдын алуы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 342 бұйрығымен бекітілген «Мұнай-химия, мұнай өңдеу салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер, мұнай базалары және автожанармай құю станциялары үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын» сақтау мақсатында автожанармаю құю стансалары (АЖҚС) келесіні қамтамасыз ету қажет екендігін хабарлайды:

  • Автокөлікке жанармай құю кезіндегі барлық операциялар жүргізушінің көзінше және көліктің қозғалтқышы сөндірілген кезде жүргізіледі. Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған автомобильге жанармай құюға ауа температурасы төмен болып, сөндірілген қозғалтқышты іске қосу қиын болатын кезде жол беріледі;
  • Автоцистернаның мұнай өнімдері төгілген жерлерін жүргізушілер қозғалтқышты қосқанға дейін әбден құрғатып сүртеді. Төгілген мұнай өнімдеріне құм себіледі, ал оларды сіңірген құм автожанармай құю стансасының аумағынан арнайы бөлінген жерлерге шығарылады;
  • АЖҚС аумағында автокөлік құралдары жиналып қалған кезде АЖҚС-дан шығу жолдарының бос болуы және маневр жасау мүмкіндігінің болуы қадағаланады;
  • жанғыш немесе жарылыс қаупі бар жүк тиелген автомашиналарға жанармай құю АЖҚС аумағынан кем дегенде 25 метр қашықтықта орналасқан жабдықталған алаңда АЖҚС-да металл канистрлерге құйып алынған мұнай өнімдерімен немесе осындай мақсаттар үшін бөлінген ЖАЖҚС көмегімен жүзеге асырылады;
  • АЖҚС жайларында уақытша электр сымдарын, электр плиталарын, рефлекторларды және қыздырғыш элементтері ашық басқа да электр аспаптарын, қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарды пайдалануға жол берілмейді;
  • Темекі тартуға және ашық от көзін пайдалануға жол берілмейді;
  • Тез тұтанатын сұйықтықпен қол жууға, киім жууға және еден сүртуге жол берілмейді;
  • Жүргізушісі мас күйде болған көлікке жанармай құюға жол берілмейді;
  • Жылжымалы автожанармай құю стансаларын (ЖАЖҚС), контейнерлі автожанармай құю стансаларын (КАЖҚС) және шағын габаритті автожанармай құю стансаларын (ШГАЖҚС) пайдалану техникалық паспорт пен технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады;
  • АЖҚС алаңында автомобиль жөндеу жұмысын жүргізуге жол берілмейді;
  • Мұнай өнімдерін шыны ыдысқа құйып беруге жол берілмейді. Мұнай өнімдерін полимерлі материалдардан жасалған ыдысқа жіберуге ыдыста немесе оның паспортында оны мұнай өнімдерін сақтау үшін пайдалану мүмкіндігі туралы дайындаушы кәсіпорынның таңбасы болған кезде ғана жол беріледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив