Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Баспана сатып алуға жаңа мүмкіндік

4-03-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Халықты баспанмен қамтудың мемлекеттік «Отау» бағдарламасы 2024 жылдың 1 наурызында басталады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Отбасы банк» АҚ Абай облыстық филиалының бөлім басшысы Арман Абишев баяндап, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Бағдарлама жас отбасыларды және Отбасы банкінің салымшыларын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған. Ең үнемшіл салымшылардың төмен пайыздық мөлшерлемесі бойынша заем алу мүмкіндігі бар. Жаңа бағдарламаға Отбасы банк салымшылары , оның ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған 18-63 жасқа дейінгі тұрғындар қатыса алады. 

- Үміткерлердің  жинақ шоты ең кемі 18 ай  және депозиттегі жинақ сомасы 1 млн теңгеден кем болмауы керек.  Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жыл ішінде баспана болса бұл бағдарламаға қатыса алмайды. Астана, Алматы  қалаларда заемның ең жоғары сомасы 30 млн теңге, қалған өңірлерде  18 млн теңгеге дейін қамтылған, - деп атап өтті спикер.

Спикердің айтуынша, ұпай саны салым бойынша сыйақы мөлшері үшін, салым мерзімі үшін, тіркелген некенің болуы үшін, балалардың болуы үшін есептеледі. Егер үміткерлердің ұпайларының саны бірдей болып қалса, онда басымдық салым сомасы көбірек және жинақтау мерзімі ұзағырақ адамдарға беріледі. Тізімдегі салымшылар 40 жұмыс күні ішінде несиелік өтінім бере алады, ол алты айға созылады. 

Қатысушы жаңа тұрғын үйді Баспана маркет (otbasybank.kz) порталынан ғана сатып ала алады. Бұл қызмет тұрғын үй бағасының жасанды өсіп кетпеуін қадағалайды. Алғашқы жарна 20% мөлшермен болса, кредит бойынша мөлшерлеме 9% құрайды. Несие мерзімі 19 жылға дейін, ал жалпы бағдарлама 7 жылға дейін есептелген.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив