Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Қазақстандықтар дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысуда

4-03-2024, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

Құрамында еліміздегі жастар ұйымдарының белсенді өкілдері бар Қазақстан делегациясы Ресейдегі дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысуда.

Сочи фестивалі – әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жастардың өзара сенімді байланыс құруына бағытталған халықаралық деңгейдегі ірі іс-шаралардың бірі.

Бағдарлама аясында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан және Татарстан делегацияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Марат Тағаевпен кездесу барысында екінші қазақ-қырғыз жастар форумын өткізу мәселелерін талқылады. 

Евгений Кочетов Бүкілқытай жастар федерациясы төрағасының орынбасары Лю Каймен өмірдегі түрлі салалар бойынша жастарға тең мүмкіндіктер жасау, жастар кәсіпкерлігін қолдау мен дамыту және де жастардың қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысуын талқылады.

Кездесулер қорытындысы бойынша жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге келіп, биылға арналған екіжақты іс-шаралар жоспары белгіленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив