Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
478.16 534.92 5.18

Қазақстан СІМ-де Португалиямен екіжақты ынтымақтастық перспективалары талқыланды

5-03-2024, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Португалия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі Жозе Атаида Амаралмен кездесу өткізді.

Кездесу аясында тараптар өзара іс-қимылдың жоғары қарқынына қанағаттанатындықтарын білдіре отырып, 2023 жылы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың негізгі қорытындыларын шығарды. Екіжақты қарым-қатынастардың бүкіл кешеніне жаңа мағына берген Қазақстан мен Португалия президенттерінің Нью-Йорктегі Бас Ассамблеяның 78-ші сессиясы аясында екіжақты кездесуінің, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрінің ресми сапарының және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрінің Португалияға жұмыс сапарының маңыздылығына ерекше назар аударылды. Бұл тұрғыда, Р. Василенко Қазақстан тарапының Астана мен Лиссабон арасындағы барлық деңгейдегі тығыз диалогты одан әрі жалғастыруға ниетті екенін растады.

Ынтымақтастықты нығайту бойынша алдағы қадамдар жоспарында елдер арасындағы сауда-инвестициялық әріптестікті арттыруға, сондай-ақ шарт-құқықтық базаны кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Сұхбаттасушылар тараптардың қарауындағы экономика, білім және қылмыстық-құқықтық саладағы бірқатар екіжақты жобаларды тезірек қарастыруға және қол қоюға мүдделілік танытты.

Р. Василенко мен Ж. Атаиде Амарал сондай-ақ ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына, соның ішінде Қазақстанға португалдық академиялық институттар мен университеттерді тарту тұрғысынан қанағаттанушылық білдірді. Мәселен, Португалияның СІМ Дипломатия институтымен, сондай-ақ Лиссабон университетімен академиялық ұтқырлық шеңберінде студенттермен және оқытушылармен алмасу бойынша ынтымақтастық туралы негізінде жасалған екіжақты құжаттар кіреді.

Сонымен қатар, тараптар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, өзара тиімді әріптестікті кеңейтуге бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Анықтама: Португалия Қазақстанның Оңтүстік Еуропадағы маңызды әріптесі болып табылады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 50,5 млн АҚШ долл. құрды (экспорт – 4,9 млн долл., импорт – 45,6 млн долл.), бұл өткен жылмен салыстырғанда 65%-ға артық (30,6 млн долл.). Португалиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 2005-2023 жылдар аралығында 255 млн АҚШ долл. құрады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив