Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар12°С
478.16 534.92 5.18

Қазақстан және Эстония әріптестікті одан әрі нығайтуға бейімділігін растайды

5-03-2024, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Эстония Республикасының Қазақстандағы Елшісі Тоомас Тирспен кездесу өткізді.

Кездесу аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Эстонияның Сыртқы істер министрі Маргус Цахкнаның 27 ақпанда Женевада БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің сессиясы шеңберінде өткен әңгімелесу қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру туралы жан-жақты пікір алмасылды.

Тараптар тұрақты саяси диалогты қолдауға, парламентаралық, білім беру мен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға және шарттық-құқықтық базаны одан әрі кеңейтуге келісті. Көлік және логистика, цифрландыру және жасыл экономика сияқты басым салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екенін растады.

Анықтама: Қазақстан мен Эстония арасындағы өзара сауда көлемі 2023 жылы 29% - ға өсіп, 157,5 млн АҚШ долларын құрады, соның ішінде қазақстандық экспорт - 78,1 млн долл, қазақстандық импорт – 79,4  млн долл.

2023 жылдың үш тоқсанында Эстониядан Қазақстанға инвестициясының жалпы ағыны 6,7 млн АҚШ долларын құрады.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда чех капиталының қатысуымен 74 кәсіпорын қызмет етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив