Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.34 640.73 6.53

ІІМ АҚШ Елшілігінің өкілдерімен есірткіге қарсы саладағы ынтымақтастықты талқылады

6-03-2024, 09:00 Думан Кенжеғазыұлы

ІІМ-де есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басшылығы АҚШ Әділет министрлігінің есірткіге қарсы күрес басқармасының (DEA) Қазақстандағы өкілдігінің атташесі Кармен Дешепломен кездесті.

Департамент бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов кездесуге қатысушыларды есірткі қылмысына және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл шаралары, оның ішінде Үкімет пен елдің мүдделі органдары қабылдайтын шаралар туралы хабардар етті.

Кармен Дешепло жиналғандарды өзінің қызметтік міндеттерімен, сондай-ақ DEA жаңадан келген қызметкерлерімен таныстырды.

Кездесуде есірткіге қарсы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, Қазақстан өкілдерін синтетикалық есірткіге қарсы күрес, оның ішінде интернет-ресурстарды пайдалану арқылы есірткі зертханаларын қауіпсіз тексеру бойынша оқыту мәселесі талқыланды.

Тараптар есірткі бизнесімен күресте өзара іс-қимылды жандандыру және өзекті ақпаратпен тұрақты негізде алмасу қажеттігі туралы қорытындыға келді.

Кездесу өзара түсіністік пен сындарлы диалог форматында өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив