Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
516.16 584.86 6.25

Геральдикалық зерттеулер орталығында мемлекеттік рәміздерді пайдалану мәселелері талқыланды

6-03-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Геральдикалық зерттеулер орталығында ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өтті. Жиынға қатысушылар мемлекеттік геральдикалық тізбені әзірлеу, өңірлер мен қала нышандарының  мазмұнын, пішінін сараптау жұмыстарын жүргізу мәселелерін талқылап, төлтаңбаны әзірлеу мен бекіту жүйесін ретке келтіру бойынша үлгілік қағидаға ұсыныстар енгізді.

Ғылыми-әдістемелік кеңеске ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, кеңес құрамына кіретін мемлекеттік органдардың өкілдері, тарихшылар мен ғалымдар қатысты.

Рустам Әлидің айтуынша, кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін рәміздер ұлттық рух пен келісімді нығайтады.

«Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті. Патриоттық сананы қалыптастыру бағытында атқарылатын жұмыстар үздіксіз жүруі маңызды. Бұл ретте ғылыми-әдістемелік кеңесте де үлкен жауапкершілік жатыр»,-деп Комитет төрағасы кеңестің жұмысын қорытындылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив