Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Құрылыс материалдарының жарамдылығын растау рәсімі бойынша кеңес өтті

11-03-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Еуразиялық экономикалық одақтың «Құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің жобасын әзірлеу жұмыстары  шеңберінде «Атамекен» ҰКП алаңында құрылыс материалдары мен бұйымдарының жарамдылығын растау рәсімі бойынша кеңес өтті.

Аталған кеңеске ҚР ӨКМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков, СжИМ Техникалық реттеу комитетінің төрағасы Қ.Еликбаев, Құрылыс және ТКШ істері комитетінің, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдері, «Нацэкс» АҚ облыстық филиалдары, «ТЕКС» ЖШС зертханаларының мамандары және бизнес өкілдері қатысты.

Кеңес барысында жарамдылығын растау рәсімін қабылдауға қатысты ұстанымдар айтылды, сондай-ақ техникалық регламент жобасы бойынша барлық ағымдағы мәселелер талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив