Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Антикор Төрағасы А. Жұмағали Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының курсанттармен кездесті

12-03-2024, 12:17 Мадина Айдарова

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіптік даярлықтың үшінші легінің тыңдаушыларымен кездесті.

Әңгімелесу барысында Агенттік Төрағасы органның қызметіне және елдегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан жүйелі шараларға тоқталды.

Ол мемлекеттік органдардың қызметіндегі жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және талдау мәселелеріне, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы ағарту және қоғамда жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыстарға ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, А. Жұмағали заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару және жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әлемдік стандарттары енгізілетін заңнамалық бастамаларды іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар туралы айтып берді.

«Біздің жұмысымыз қызықты. Агенттікте аналитикалық әлеует жақсы дамыған, талдаушылар бар. Біз мемлекеттік органдармен бірге жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау, ішкі мониторингтер жүргізіп, жемқорлықтың себептері мен шарттарын ашамыз.

Негізгі мақсат – қалыптасқан жемқорлық схемаларға кейіннен басқа шенеунік келіп отырмауы үшін бар схемаларды ашу. Яғни, егер біз қылмысты анықтасақ, соңына дейін жетуіміз керек, неге жасалғанын біліп, осы схемалар бұдан әрі жұмыс істемеуі үшін тиісті шаралар қабылдау керек», - деп атап өтті Асхат Жұмағали.

2023 жылдың соңында Академияда іріктеудің құжаттарды қабылдау, әңгімелесуден, әскери-дәрігерлік комиссиялардан, полиграфологиялық тексеруден өту, емтихан тапсыру кезеңдерінен өткен 50 курсант оқиды Барлығы 546 өтінім берілді, яғни 10 адам бір орынға үміткер болды.

Ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап курсанттар бір айлық тағылымдамадан өту үшін Агенттіктің аумақтық департаменттеріне жіберіледі. Практикалық сабақтар аяқталғаннан кейін олар Академияда соңғы курстан өтіп, содан кейін тұрақты қызметке жіберіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Асхат Жұмағали тыңдаушыларға табыс тілеп, халық пен мемлекеттің игілігі үшін адал және лайықты қызмет атқаруға шақырды. Ол олардың әрқайсысының жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ортақ іске қосатын үлестерінің маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив