Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.59 578.91 6.37

Абай облысының оқушысы шешендік өнер үйірмесін ашты

13-03-2024, 09:21 Мадина Айдарова

Абай облысы Аягөз ауданындағы №10 қазақ-мектеп гимназиясының 10-сынып оқушысы Әли Мұхтарұлы - Ү респбуликалық «Ділмар» шешендік өнер байқауының жеңімпазы. Ол өзі оқитын мектепте «Аягөз-Ділмар» шешендік өнер үйірмесін ашқан. 10-сынып оқушысы үйірмеге жетекшілік жасап, ұйымдастыру жұмысына кірісіп кетті. Қазір өз қатарластарына көркем сөйлеуді үйретіп жүр.  

Әли Мұхтарұлы аптасына 2 мәрте сабақ береді. Үйірмеге аудандағы 45 баланың ішінен іріктелген 12 оқушы қатысады. Олар сабақтан тыс уақытта кітап оқып, әр түрлі шығармаларды талдайды.

Үйірме мүшелері 7 наурыз күні шешен Бегеш Сабанұлының 190 жылдығына орай өткен облыстық шешендік сайысын өткізді.

Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары жұмыста алға жылжуға көмектесіп, өзіне деген сенімділікті және нақты ойлау қабілетін дамытады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив