Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ buildingSMART ресми өкілдігі мәртебесін алды

13-03-2024, 11:18 Мадина Айдарова

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдері 2024 жылғы 11 наурызда Palacio de Congresos (Валенсия қ., Испания) қаласында өткен buildingSMART Директорлар кеңесінің отырысына қатысты.

Институт өкілдері ұсынған баяндамада Қазақстандағы buildingSMART ресми өкілдігін дамыту стратегиясы, оның ішінде елдің құрылыс саласында ашық стандарттарды ілгерілетуге және енгізуге бағытталған негізгі бастамалар мен жобалар ұсынылған.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ атынан сертификатталған buildingSMART халықаралық сарапшылары болып табылатын Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Александр Шахнович және құрылыстағы менеджмент бөлімінің бастығы Зарина Кабжан өкілдік етті.

Ұсынылған стратегия buildingSMART International мақұлдауына ие болып, Қазақстан buildingSMART халықаралық қауымдастығына ресми түрде қабылданды. buildingSMART Kazakhstan бөлімшесінің ашылуы инновацияларды белсенді енгізуге мүмкіндік бере отырып, Республиканың құрылыстағы цифрлық технологиялар саласындағы одан әрі дамуы үшін түйінді фактор болады. Осы қадамның арқасында отандық мамандар озық білімге қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады және халықаралық жобаларға кедергісіз интеграциялана алады, нәтижесінде еліміздің өңірдегі цифрлық құрылыс саласындағы көшбасшы ретіндегі позициясын нығайтады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив