Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жастарды мемлекеттік қызметке шақырамыз

14-03-2024, 09:45 Мадина Айдарова

Абай облысы әкімі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаев жастар өкілдерімен кездесті. Жиынға жастар ұйымдарының көшбасшылары, қоғам белсенділері, жастар мәслихатының депутаттары, ЖОО студенттері мен түлектері қатысты.

Кездесу еркін форматта өтті. Онда мемлекеттік қызметтің артықшылықтары талқыланып, өңірлік кадр резервіне іріктеу туралы толық ақпарат берілді. Аппарат басшысы өзінің еңбек тәжірибесімен бөлісе отырып, жас мамандарға мемлекеттік басқару саласындағы заманауи үрдістер мен жаңалықтарды айтты. Өз кезегінде жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

«Бүгінде қоғамда мемлекеттік қызметке тек таныс арқылы орналасуға болады деген кері пікір қалыптасқан. Бұл ойдан арылатын кез келді. Бүкілі «таныс арқылы шешіледі» деген принцип – мүлде қате. Мемлекеттік қызметтік баспалдақ арқылы өсу үшін құзыреттілік пен тәжірибе маңызды. Білімге инвестиция салу керек, өйткені ол тұрақты валюта. Біз өз кезегімізде жас мамандарға мансаптық өсу үшін барлық қажетті жағдайларды ұсынамыз», -деп атап өтті Жасұлан Сәрсебаев.

Әр аптаның сәрсенбі күні Абай облысы әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында бос жұмыс орындарының тізімі жарияланады. Өз кезегінде Жасұлан Сәрсебаев өңір жастарын мемлекеттік қызметке орналасу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив