ҚР ӨҚМ ― Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 4,1%-ды құрады
Өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін өндіру оң динамиканы көрсетуде. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алқа мәжілісінде айтылды.2023 жылы өндіріс көлемі 21,6 трлн теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 4,1%-ға (2021 ж. ― 17,1 трлн теңге, 2022 ж. ― 20,7 трлн теңге) өсті. Ол машина жасау (+25,4%), ағаш өңдеу (+38,0%), жеңіл өнеркәсібі (+12,2%) және құрылыс өндірісі (+6,1%) арқылы қамтамасыз етілді.Инвестиция көлемі 11,2%-ға өсіп, 1,7 трлн теңгені құрады. Оның өсімі басқа көлік құралдарын өндіруге 7 есе, киімді – 5,6 есе, жиһазды – 4 есе және автоөнеркәсібіне – 3,5 есе артық инвестициялау арқасында қамтамасыз етіледі.Өнім экспорты 25,3 млрд долларды құрады.2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 928 млрд теңгені құрайтын 170 инвестициялық жоба іске қосылып, 12 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша кәсіпорындарды шикізатпен, қолжетімді қаржыландырумен, кадрлармен, өтімді ынталандырумен, сондай-ақ нысаналы салаларға арналған шаралармен қамтамасыз ететін 2024-2028 жылдары Машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды. Сонымен қатар, инвестициялар мен өндіріс көлемінің 40%-ға өсетінін жобалайтын 2024-2028 жылдары Сирек және сирек жер металдар өнеркәсібін дамытудың кешенді жоспары да қабылданды.Ағымдағы жылы өңдеу өнеркәсібінде 17,8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашумен жалпы құны 1,3 трлн теңгеге жуық шамамен 180 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.