Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Облыстағы су қоймалар еріген суды қабылдауға дайын

19-03-2024, 09:00 Мадина Айдарова

Облыс әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде 2024 жылғы көктемгі су тасқыны жағдайы және гидротехникалық құрылыстардың қар суын апатсыз қабылдауға және өткізіп жіберуге дайындығы қаралды.

Жиында ТЖД басшысы, басқарма басшылары және «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» РММ басшысы баяндама жасады. Олардың айтуынша, өңірдегі гидротехникалық құрылыстар тасқын суларды қабылдауға және өткізуге дайын.

Ертіс және Уба өзендеріндегі кептелістердің алдын алу үшін мұздықтарды жару жұмыстары басталды. Аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметінше елді мекендерден шамамен 325 846 текше метр қар шығарылды.

«Барлық қауіпті аумақтарды анықтап, су тасқынын болдырмау және алдын алудың нақты шараларын қабылдау қажет. Әсіресе мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) және қауіпті патогендік биологиялық көму орындарын акті жасай отырып, қарап-тексеру жүргізсін. Келесі комиссия отырысына дейін осы бағыттағы жұмыстар атқарылып, адамдар мен жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының алдын алу мәселелері бойынша Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі істер атқарылсын. Гидротехникалық құрылыстардың апатсыз көктемгі еріген суды қабылдауға және өткізуге дайындығы және жай-күйі үнемі бақылауға алынып, уақытылы іс-шаралар қабылдансын», - деді Нұрлан Ұранхаев.

Аймақ басшысы қала және аудан әкімдері көктемгі су тасқыны қаупі бар барлық нысандарға мониторинг жүргізіп, тиісті шаралар қабылдап, алдын алу бойынша жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив