Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
526.79 606.34 6.51

Жаңару күні аясында бүкіл ел бойынша 500-ден астам іс-шара өтеді

20-03-2024, 12:46 Мадина Айдарова

Барлық мәдениет мекемелері мен ведомстволық бағынысты және үкіметтік емес ұйымдардың ағаш отырғызу қоғамдық акциясына қатысуы – күннің басты оқиғасы болмақ. 

Сонымен қатар, осы күні Ақмола облысында Ш. Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында «Қаңбақ шал» ертегісінің премьерасы өтеді.

Қостанай облыстық Ы. Алтынсарин атындағы мемориалдық музейінде «Қош келдіңіз, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара болады.

Қызылорда облысында түрлі пікірталас алаңдарында сарапшылар «Наурыз – жаңа саяси дәуірдің басталуы» тақырыбын талқылайды.

Павлодар облысы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Наурыз – асыл қазына» атты мерекелік концерт өтеді.

Петропавлда облыстық Ақан сері атындағы филармониясы Қазақ халық аспаптар оркестрінің «Наурыз-көктем» концерті ұйымдастырылады.

Жалпы алғанда, жаңару мен жаңа кезеңнің басталуын бейнелейтін Жаңару күнінде бүкіл ел бойынша 500-ден астам іс-шара өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив