Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейде жаңа қоғамдық кеңістік пен қазақ тіліндегі Брайль қаріптері пайда болды

17-03-2024, 09:00 Мадина Айдарова

Наурыз мерекесі қарсаңында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы тарапынан Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада заманауи қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылып, Семей қаласының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханасына арнайы құрал-жабдық табысталды.

Бұл қадамдар «Абай облысының кітапханаларын жаңғырту» жобасы аясында бас демеуші, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қорының «Кемелді қадам» қоғамдық қорымен серіктестігі арқылы жүзеге асты.

«Қазақ халқына Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сынды ұлы тұлғаларды сыйлаған облысымыздың рухани өміріне қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығына алғыс айтамыз. Жоба Абай облысы жастарының шығармашылық, рухани және мәдени әлеуетін одан әрі дамытуға көмектеседі деп сенеміз. Осындай айтулы оқиғаның куәсі болып отырған баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймын», - деді өз сөзінде Абай облысы әкімінің орынбасары Әділбек Мұсабаев.

Заманауи кітапханалар оның материалдық-техникалық жай-күйі, коворкинг аймақтары сынды халық сұранысына сәйкес болуы қажет. Сондықтан, жобаның негізгі мақсаты – білім берудің заманауи интерактивті және коммуникативті түрлерін құру арқылы оқырмандардың зияткерлік демалысқа деген қызығушылығын арттыру.

«Жоба аясында Семей қаласының екі кітапханасына қайырымдылық көмек көрсетілді. Облыстық кітапханада барлық қала тұрғындары үшін тегін қоғамдық инновациялық робототехника зертханасы, ғылыми және зерттеу жұмысына арналған оқу залы-коворкинг, ойындар мен шығармашылыққа арналған балалар аймағы ашылды. Ал нашар көретін азаматтарға арналған мамандырылған кітапхана енді өз оқырмандарына бедерлі-нүктелі қаріппен кітап шығаруға, қызметтердің кеңейтілген ауқымын көрсетуге және басқа да жерлерде шаралар өткізуге қауқарлы», - деді «Кемелді қадам» ҚҚ төрайымы Гауһар Карменова.

Облыстық кітапханадағы «Samruk-Kazyna Trust» тарапынан 54,1 миллион теңге қарастырылған кеңістікте «Сиқырлы қылқалам», «Шебер қолдар», «Құм-арт терапиясы» сынды үйірмелерге қажетті үстел мен орындықтар, сурет салатын ыңғайлы мольберттер, құммен сурет салу үшін арнайы үстелдер, кітап сөрелері мен жұмсақ жиһаз сыйға тартылса, оқу залы-коворкинг арнайы кітап сөрелерімін, жиһазбен жабдықталып, оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін ноутбуктер, жас оқырмандарға шаралар өткізуде пайдалану үшін проектор қолданысқа берілді. Инновациялық робототехника зертханасы компьютерлермен, ноутбуктермен, проектормен, сканермен, 3D-принтер, робот, конструктор сынды робототехниканы үйренуге арналған жинақтармен, интерактивті үстелдермен қамтамасыз етілді.

Бүгінде облыстық кітапхана ересек оқырмандарды есептемегенде, 2500-ден астам балаға қызмет көрсете алады.

«Кітапхананы жаңғырту нәтижесінде балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік дамуына, олардың мәдени бос уақытын тиімді өткізуіне, шығармашылық жоспарлар мен креативті идеяларды жүзеге асыруына арналған жаңа тартымды кеңістіктер мен алаңдар пайда болды. Жаңа орта жас оқырмандардың өздігінен білім алуына, кітапқа, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізетіні анық», - деді облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасының директоры Мерей Қарт.

Бұған дейін көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана бейімделген сипаттағы мамандандырылған кітаптардан қиналып келді. Қазақстанда ондай баспахана жоқ. Жоба арқылы кітапхана 18,1 млн теңгеге тактильді кітаптарды басып шығаруға арналған жабдықтар жиынтығымен, ұйымдастыру техникасымен, жеке тыңдау жабдықтарымен, дыбыстық аппаратурамен және жиһазбен жабдықталды. Енді арнайы мекеме қазақ тілінде Брайль қарпімен кітаптар шығаруға қабілетті еліміздегі бірінші кітапхана болмақ.

Арнайы кітапхана бүгінде 1000-ға жуық оқырманға қызмет көрсетеді.

«Кітапханамызды жаңа заманауи жабдықтармен жаңартудың маңыздылығын бағалау қиын. Брайль жүйесін бойынша құжаттарды (кітаптарды) шығаруға арналған жабдықтардың жиынтығы біз үшін ерекше құнды. Енді біз балаларға тактильді графикалық суреттермен көркемделген мемлекеттік тілдегі танымал балалар әдебиетін оқуға мүмкіндік жасай аламыз», - деді арнайы кітапхана директорының міндетін атқарушы Гүлнәр Ғафиятуллина.

Қайырымдылық жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылай қолдауымен 2024 жылдың соңына дейін, Семейде зағип және нашар көретін азаматтарға арналған еліміздегі тұңғыш мамандандырылған кітапхананы салу жоспарлануда. Бұл осындай сипаттағы алғашқы және жалғыз мәдени мекеме болмақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив