Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Қанатты сөздер

4-01-2023, 16:41 018.kz

Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп,

Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп. 

©Абай Құнанбайұлы

Әсемпаз болма әр неге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Қайрат пен ақыл жол табар,

Қашқанға да, қуғанға. 

©Абай Құнанбайұлы

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап. 

©Абай Құнанбайұлы

Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос!

©Абай Құнанбайұлы


Ақыл, қайрат, жүректi бiрдей ұста,

Сонда толық боларсың елден бөлек.

©Абай Құнанбайұлы

Адамға — ақыл керек, іс керек, мінез керек. 

©Абай Құнанбайұлы

Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес.

©Абай Құнанбайұлы

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз.

©Мұхтар Әуезов

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

©Мұхтар Әуезов

Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас.

©Мұхтар Әуезов

Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның қайсы?!

©Мұхтар Әуезов

Жауызға айтқан жақсы сөз – суға жазған сертпен тең.

©Мұхтар Әуезов

Кей адамнан ит ілгері, достықты ұмытпайды, адал қызмет етеді.

©Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бұрын шын бар бүгін шын,

Ертең шын бар үш бөлек.

Керегі жоқ бұлардың,

Бұзылмайтын шын керек.

©Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жұрт әділ болмай, жұрт ісі оңға баспайды.

©Әлихан Бөкейханов

Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден.

©Әлихан Бөкейханов

Алда әлі күнді көре білетін ұрпақ келеді! Сол күнді көретін ұрпақ сендерді еске алатын болады. Бізді ризашылықпен, үлкен құрметпен еске алатын болады. Өкінбеңдер! Күрес жолына түскендеріңе өкінбеңдер!

©Ә. Бөкейханның Міржақып пен Ахметке абақтыда жолдаған хатынан

Заң дегеніміз – ноқта.

©Шерхан Мұртаза

Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

©Дінмұхамед Қонаев

Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық.

©Бауыржан Момышұлы


Шешен жігіт – жол бастар, батыр жігіт – қол бастар. 

©Шалкиіз Тіленшіұлы


Адал адам Отанын сүйеді, адал, ақ жүрекке Отан — анасындай. Отанның дегенін істеу — қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты, әсіресе біздегі махаббатты өлшеуге болмайды.

©Баубек Бұлқышев

Батыр боп жауға найзаң тимесе,

Батырлықтан не пайда.

Бай болып халқыңа пайдаң тимесе,

Байлығыңнан не пайда… 

©Әйтеке би

Жұрттың көбіне ақыл берілгенімен, жүрек бәріне бірдей берілмеген.

©Бауыржан Момышұлы

Жас мұраты, білім, тәлім — талабы...

Өнер, оқу — жастықтың қару жарағы.

©Ілияс Жансүгіров

Жалпы адамзаттың жақсылығына сену — адамгершіліктің ең биік белгісі.

©Мағжан Жұмабаев

Серт адамды байлайды,

Ер жігіт серттен таймайды.

©Жамбыл Жабаев

Еңбек етпесең, жиған білімің кәдеге жарамай жатқан минерал секілді. Оның ішін аршып, асыл кенін жарқырату үшін еңбек керек, қол мен ой қимылы қажет.

©Қаныш Сәтбаев

Құт берекең - атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат. 

©Қазыбек Келдібекұлы

Батыр боп жауға найзаң тимесе,

Батырлықтан не пайда.

Бай болып халқыңа пайдаң тимесе,

Байлығыңнан не пайда… 

©Әйтеке би


Өгiздi өрге салма — қанатың талар,

Наданға көзiңдi салма — сағың сынар.

Досыңа өтiрiк айтпа — сенiмiң кетер.

Дұшпанға сырыңды айтпа — түбiңе жетер.

©Төле би Әлібекұлы

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив