Cемей7°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
453.87 508.33 5.65

Қазақстан мен Италия консулдық саладағы ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

24-02-2023, 09:19 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев Италия Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің Шетелдегі итальяндықтар және көші-қон саясаты жөніндегі бас директоры Луиджи Виньялимен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында консулдық саладағы екіжақты қатынастардың бірқатар мәселелері талқыланды. Соның ішінде Италияның визалық саясаты, екі ел арасындағы нормативті-құқықтық базасын ұлғайту мәселелері көтерілді.

Нәтиже ретінде мемлекеттер арасында консулдық саладағы достық қатынастарды нығайту бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив