Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында тұрғын үй құрылысы бақылауда

29-03-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Бақылау басқармасы (МСҚБ, еңбек инспекциясы) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды және лицензиялауды, аттестаттауды жүзеге асырып, осы саладағы заңдылықты қадағалайды.

«Бүгінде қаладағы бір үйге қатысты сот шешімі бар. Біз бірінші сатыдан өттік, ол жерде сот бізді қолдамады. Облыстық апелляциялық сот алқасына жүгініп, онда біздің талаптарымызды қолдап, бастапқы шешім күшін жойды. Сот шешіміне сәйкес пайдаланылған құрылыс материалдары бөлшектелетін болады, - деді басқарма басшысы Шыңғыс Аманжолов.

Қазір сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау саласында 121 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 90 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 90 ұйғарым берілді. Жалпы, жалпы сомасы - 57,03 млн теңгеге 305 әкімшілік іс қозғалды, оның ішінде 91 әкімшілік іс әкімшілік сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңының 7-бабына сәйкес тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу 3 бағытта ұйымдастырылады: бірыңғай оператордың кепілдігін алу, екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу, көппәтерлі тұрғын үйдің негізгі бөлігін салғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға болады.

Көппәтерлі тұрғын үйлер салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын осы бапта көзделмеген өзге де тәсілдермен тартуға тыйым салынған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив