Cемей-18°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметшісі Эверестке шығатын экспедицияны басқарады

4-04-2024, 17:04 Мадина Айдарова

Kazakh Everest Team қазақстандық спорттық-патриоттық экспедициясы осы жылдың 6 сәуірінде басталады.

Шыңға шығу Ұлы Отан соғысының батырлары Сағадат Нұрмағамбетовке, Рахымжан Қошқарбаевқа және Әлия Молдағұловаға арналады. 

Экспедицияны белгілі қазақстандық альпинист, ҚР Қарулы күштері Тау даярлығы орталығының нұсқаушысы майор Мақсұт Жұмаев басқарады. Kazakh Everest Team құрамында жеті адам, оның ішінде скайраннер-спортшы Анар Бурашева бар. 

«Әлемнің шыңына» шығуда оған нәзік жандылардың қатысуы үнемі айтарлықтай қызығушылық тудырады. Альпинистер Эверестке көтеріліп, Қазақстанның Мемлекеттік туын тігуді мақсат етіп отыр. 

– Біз ел тарихының жаңа беттерін жазып қана қоймай, спортшылардың жас буынын шабыттандыруымыз керек, – деді Мақсұт Жұмаев. – Мен тіпті экстремалды спорт түрлерінде де гендерлік теңдік идеясын қолдаймын. Егер қазіргі заманғы қыздардың ең биік шыңдарды ер адамдармен тең дәрежеде бағындыруға дайындығы мен күші болса, онда біз оларға бұл қадамды жасауға көмектесуіміз керек.  

Анар Бурашеваның қолында 1б, 2а және 2б санаттағы жергілікті шыңдары, Талғар, Монблан және Килиманджаро шыңдарына шығу бар. Анар Space Trail Running клубында жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Ол – Sky Run Group-та скайраннер және Nike Running Club Almaty-да пейсер. Thian Shan trail race 42 шақырым, Tengri ultra 35 шақырым, Алматы тау жартылай марафоны, Irbis race 42 шақырым, Red planet Race 30, Алматы марафоны 42 және Madeira Island Ultra Trail 60 шақырымдар сияқты кәсіби жарыстарда бірінші және жүлделі орындар үшін спорттық марапаттары да бар. 

– Эверестке шығу – ең қиын кезеңдердің бірі. Бұл бар күшіңді жинап, ерік-жігеріңді жанып, өзіңді-өзің жеңудің ерекше тәжірибесі – деп Анар шыңға шығуды сипаттап берді. – Мен өзімде осы бағытта күшім мен дайындығымның жетеріне сенемін. Қазіргі әлемде әйелдер қиындықтарды жеңіп, өздерінің армандары мен мүмкіндіктерінің шекараларын кеңейтуі керек деп ойлаймын.   

Эверест шыңына (8849 м) шығар алдында экспедиция мүшелері ауа-райының қолайлы болуын күтеді. Эверестегі табиғи жағдайлар төтенше – дауылды желдер, минус 50°C дейінгі аяздар, көшкіндер, жартастар, мұз жарықтары және жауған қар. Жоспар бойынша өрмелеу 12-16 сағатқа созылады. Түсуге 6-8 сағаттай кетеді және шыңға шығу сияқты ептілік пен жинақылықты қажет етеді.

Мақсұт Жұмаевтың айтуынша, оның ең маңызды міндеті – экспедиция мүшелерінің өмірі мен денсаулығын сақтау. Кәсіпқойлық, тәуекелге көп бармау және топ мүшелерінің тәртіпке бағынуы – аңызға айналған альпинист басшылыққа алатын негізгі қағидалар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив