Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
509.51 570.6 6.3

Су тасқынының алдын алуға қатысқан мамандар мен сарбаздар алғысқа бөленді

5-04-2024, 14:38 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылғы 4 сәуір күні Көкпекті ауылының Ұлы Дала елі алаңында Көкпекті ауданының Биғаш, Көкжайық және Шұғылбай ауылдарында су тасқынының алдын алуға елеулі үлес қосқан Жетісу облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мамандары мен Ұзынағаштан келген №28237 әскери бөлімінің офицерлері мен сарбаздарын шығарып салу салтанаты өтті. 

Шараға Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Шапағатов Манарбек Қайыргелдіұлы және Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары - Теміржанов Марат Капарұлы қатысты. 

Шара барысында Марат Капарұлы Көкпекті ауданының Биғаш, Көкжайық және Шұғылбай ауылдарында су тасқынының алдын алуға қосқан үлестері үшін аудан жұртшылығы және аудан басшылығы атынан алғыс білдіріп, аудан әкімі атынан алғыс хаттар табыстады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив