Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
512.34 582.07 6.31

Су тасқыны салдарынан келтірілген залалды бағалау жөніндегі арнайы комиссия Ақтөбе тұрғындарынан өтінімдер қабылдай бастады

6-04-2024, 16:41 Мадина Айдарова

2024 жылғы 6 сәуірде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына барды.

Облыс орталығында вице-премьер Елек өзенінің жағасында орналасқан су басқан «Эко» және «Көктем» бау-бақша ұжымдарының тұрғындарымен кездесті. Жиналғандарды қызықтырған басты мәселе материалдық шығынның қалай өтелетіні болды. Серік Жұманғарин адамдарды су тасқынынан болған барлық материалдық шығын өтелетініне сендірді.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірде арнайы комиссия құрылғанын, оның мүшелері зардап шеккен тұрғындардың тиісті өтініштерін қарап жатқанын айтты. Облыста 689 саяжай үйі су астында қалып отыр.

Сонымен қатар Серік Жұманғарин Ақтөбе су қоймасын тексерді. Су тасқыны кезеңінде жобалық қуаты 245 млн текше метр бола тұра, су қоймасына 485 млн текше метр еріген қар суы жиналды.

Жедел штаб отырысында жұмыс сапарының қорытындылары мен инспекция нәтижелері талқыланды. Сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-қимыл бойынша нақты шаралар жоспары анықталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив