2024 жылы 2,9 млн бала жазғы демалыс және сауықтыру түрлерімен қамтылады
Биыл жазғы демалыс кезінде 1-10 сынып аралығындағы 2,9 млн қазақстандық оқушыға сауықтыру, демалыс және еңбекпен қамтудың түрлі шаралары көзделген, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағаруту министрлігінің баспасөз қызметі.
Бағдарламада еңбек және шығармашылық жұмыстар, туризм, зияткерлік сабақтармен қатар, халықаралық шараларға қатысу қамтылған.
«Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз және жан-жақты ұйымдастыру үшін Министрлік 8 мемлекеттік органмен бірге 2024-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекітті. Жұмысты үйлестіру үшін республикалық ведомствоаралық штаб құрылды, өткен жылғы жазғы демалыс кампаниясының нәтижелері талданып, іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Сондай-ақ мұғалімдерге, балаларға және олардың ата-аналарына арналған бағдарламалар, ережелер, күнтізбелік жоспарлар және нұсқаулар қамтылған әдістемелік ұсынымдар дайындалды. Балаларға арналған нысандарды қабылдау және лагерь қызметкерлеріне нұсқау жүргізу кестелері жасалды», - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті директорының орынбасары Стэлла Ибраева.
Айта кетейік, биыл төрт сауықтыру орталығының құрылысын аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 210 балалар сауықтыру орталықтарының алдын-ала тізімі жасалып, денсаулық сақтау және ТЖ бойынша аумақтық қадағалаушы органдарға өтінімдер жолданды.
Тағыда оқыңыз
Қазақстандық мектептердің 6,8 мың түлегі – «Алтын белгіге» үміткерМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіҚазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесіҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек